411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирустан емделіп жатқан бір адамның жағдайы ауыр

  • 386
  • UPD: 15:19, 28.03.2020
Алматыда коронавирустан емделіп жатқан бір адамның жағдайы ауыр

Алматы дәрігерлері қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда жалпы 58 науқас болса, оның екеуі емделіп шықты.

«Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар стационарында 56 науқас бар, соның екеуі бала. Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі 27 наурызда Санкт-Петербург – Алматы рейсімен, біреуі 26 наурызда Ыстанбұл – Алматы, ал қалған екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Тағы екеуі індет жұқтырушылармен байланыста болған», - деді басқармадан.

Құзырлы органның хабарлауынша, жалпы науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

«Ем қабылдап жатқан 51 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тек бір ересек науқастың жағдайы ауыр деп бағаланса, төрт емделуші орташа дәрежеде, оның ішінде бала да бар. Провизорлық орталықтарда 854 адам бар, оның 86-сы бала. Ал үй карантинінде 2037 адам жатыр», - деді басқарма өкілдері.

 

Хабар 24 телеарнасы