411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДСМ: Дәрігерлеріміз халықаралық тәжірибеге сай жасалған протокол негізінде жұмыс істеуде

  • 167
  • UPD: 15:33, 28.03.2020
ДСМ: Дәрігерлеріміз халықаралық тәжірибеге сай жасалған протокол негізінде жұмыс істеуде

Елімізде инфекциялық, провизорлық, карантиндік 27 мың төсек орын бар.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады.

Бұл төсек орындардың 80%-і резервте. Қазір 250 инфекциялық дәрігер науқастарды емдеп жатыр. Тағы 140 маман сақадай сай дайын отыр. Өңірлердегі ахуал да қаперге алынып, реанимациялық төсек орындар дайындалған. 178 реанимотолог дертке шалдыққандарды қарауға әзір. Ал жағдайы тым нашарлағандар үшін арнайы аппарат алынған.  

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Дәрігерлеріміз халықаралық тәжірибеге сай жасалған протокол негізінде жұмыс істеп жатыр. Инфекция ауыр қабылданатын науқастардың дені 65 жастан асқандар, иммун тапшылығы бар және өзінде қант диабеті, өкпе қабынуы, жүрек, семіздік дертіне шалдыққан адамдар. Қазір ДДСҰ 4 кезектегі протокол бойынша ем жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы