420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордалық волонтерлер бетперделерді тегін таратып жүр

  • 394
  • UPD: 15:31, 28.03.2020
Қызылордалық волонтерлер бетперделерді тегін таратып жүр

Қызылордалық волонтерлер шаһардағы сауда орындары және теміржол вокзалы мен сапаржайда күніне мың бетперде таратады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олармен бірге санитарлық дәрігерлер де көшеге шығып, көпшілікке сақтық шараларын түсіндіріп жүр. Ал медициналық бетперделерді жергілікті тігін цехы еріктілерге ақысыз ұсынып отыр. Мұнан бөлек, Жаңақорған ауданының өрендері де күніне жүздеген бетперде тігіп, тұрғындарға үлестіріп келеді.

Аида Қажымқан, тігін цехының өкілі:

Тігін цехында күніне 20 мың бетперде тігіліп, жартысы дәріханаларға жіберіледі. Тағы 5 мыңдайын кәсіпорындарға, қалған 5 мыңын мекемелерге жөнелтеміз. «Біз біргеміз» акциясына үн қосып, еріктілерді күн сайын мың бетпердемен қамтамасыз етеміз.

Хабар 24 телеарнасы