411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда үш медициналық мекеме карантинге жабылды

  • 236
  • UPD: 16:06, 28.03.2020
Нұр-Сұлтанда үш медициналық мекеме карантинге жабылды

Нұр-Сұлтанда медициналық үш мекеме карантинге жабылды. Бұл туралы астананың Тауар сапасы және тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исақов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің 21 наурыздағы қаулысына сәйкес, қала аумағында карантин режимі енгізілді. Департамент объектілерде коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Карантин енгізу туралы қаулы келесі нысандарға берілді: Нұр-Сұлтан әкімдігінің көпбейінді медициналық орталқтың инфекциялық блогы, Ұлттық кардиохирургиялық орталық, №1 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік блогы және №1 автопарк», - деді Зекен Исақов брифингте.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарың саны 200-ден асты.

Хабар 24 телеарнасы