411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада вирус анықталған науқас Сеулден ұшып келген

  • 308
  • UPD: 20:07, 28.03.2020

Коронавирус Қызылордаға да жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқас 1 наурыз күні Сеулден Алматыға ұшып келген – 65 жастағы әйел адам. Ол 14 күндік карантинде бақылауда болып, жағдайы қанағаттанарлық болған соң үйіне шығарылған. Бірақ 27 наурызда денсаулығы қайта сыр беріп, дереу облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір осы науқаспен қарым-қатынаста болған 30 шақты адам медициналық бақылауға алынды. 

1955 жылғы әйелдің эпидемиологиялық ахуалы ескеріліп, бокс палатаға оқшауландырылды. Онымен қарым-қатынаста болған 30 шақты адам медициналық бақылауға алынды.

Жақсылық Әбдусәметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазіргі таңда жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланады. Құрғақ жөтелге, тамағының ауруына және дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Келісілген хаттамаға сәйкес емі басталды. Емі республикалық орталықтармен келісіліп, нақтыланды. Сонымен қатар науқаспен қарым-қатынаста болған тұлғалар оқшауланып, карантиндік стационарға жатқызылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Ошақты дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Әлия Әбдіқайымова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Көп қабатты үйде тұрады. Сол подьезд бойынша қарым-қатынаста болғандар анықталуда. Енді мамандар іріктейді. Қайсысы жақын қауіпті қатынаста болған, қайсысы потенциалды қатынаста болғандар. Соған сәйкес тиісінше карантиндік стационарға жолданады.

Қауіптілігі жоғары «1а» және «1б» санаттағы елдерден өңірге 115 адам келген. Соның 28-і карантиндік стационарға жатқызылды. Қалғандары үй жағдайындағы бақылауға алынды. 

Жақсылық Әбдусәметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Жалпы,облыс бойынша 60 төсек орын коронавирус диагнозы зертханалық дәлелденген науқастарға арналған. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында бекітілген. Сонымен қатар аудандарда қосымша төсектер қарастырылған. Провизорлық күдікті науқастарды бақылайтын жүз төсек-орын қамтамасыз етілген. Облыс орталығы және аудандарда осындай бөлімдер ашылған. Сонымен қатар карантиндік 400 төсек-орын нақтыланған. Және барлық ауданда қосымша карантиндік 50 төсек-орын дайындалуда.

Қазіргі таңда арнайы химиялық қорғаныс киімдерімен жабдықталған әскери құрылым сарбаздары теміржол және автовокзалда, сондай-ақ халық көп шоғырланатын орындарда коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамбет Бәйділдаев

Хабар 24 телеарнасы