399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да індет шыққан үй толық зарарсыздандырылды

  • 219
  • UPD: 20:42, 28.03.2020

Шығыс Қазақстанда инфекция анықталған үйдің маңы толық зарарсыздандырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – өңірде алғаш тіркелген жағдай. Вирус Мысырдан оралған 61 жастағы екі адамнан анықталған. Олармен байланыста болған 8 адам да бақылауға алынған. Қазір барлығының жағдайы тұрақты дейді мамандар.

Эльмира Ахметова, тілші:

– Пандамеия Шығыс Қазақстанға да жетті. Өлкеде бүгін бірден екі дерек тіркеліп отыр. Екеуі де Семей қаласынан. 61 жастағы ерлі-зайыпты 21 наурызда Шарм Эль Шейх –Нұрсұлтан бағытымен ұшып келген.

Олар Семейге дейін жеке көліктерімен жеткен екен. Бір айтарлығы, бұл кісілермен шет елге тағы бес адам бірге барған. Сонымен қатар тағы 3 адам қарым-қатынаста болған. Осылайша жалпы науқастармен араласқан 8 адам дәрігерлер бақылауына алынды. Төртеуі провизорлық, қалған төртеуі карантииндік стационарда. Қазір індет анықталған адамдардың тұратын мекенжайында зарарсыздандыру шаралары жүріп жатыр.

Марат Ысмайылов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Үй бойынша байланыста болғандар, отбасы мүшелері карантиндік стационарға оқшауланды. Ауруға шалдыққан адамдардың тұрғылықты жері бойынша ошақтарды дезинфекциялық өңдеуге кіріскен дизбригада ұйымдастырылды, эпимдемиологиялық шаралар жалғасуда.

Өңірде осыған дейін де сақтық шаралары күшейтілген. Аймақта бүгінде екі блокпост жұмыс істеп тұр.

Олар облыстың Алматы және Павлодар облыстарымен шектесетін жол бөлікктерінде орнатылған. Барлық сала мамандары бұл жерден өткен көлік жолаушыларын жіті бақылауға алады. Өлкеде дизенфекциялық жұмыстар да үздіксіз жүргізіледі. Қоғамдық көліктер, үлкенді кішілі сауда орындарында санитарлық гигиеналық талаптарға ерекше мән беріліп отыр.

Дегенмен құрметті көрермен, бұл инфекцияның таралмауына тек дәрігерлер ғана емес,біз бен сіз де үлкен үлес қоса аламыз. Ол үшін барынша оқшауланып, көпшілік жерге барудан бас тартып, отбасы – ошақ қасында қалсақ жеткілікті.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы