411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төтенше жағдай кезінде той жасаған тараздық темір торға қамалды

  • 259
  • UPD: 18:40, 28.03.2020
Төтенше жағдай кезінде той жасаған тараздық темір торға қамалды

Таразда беташар жасаған тұрғын 5 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24»

30 жастағы азамат үй ауласына мейман жиып, келін түсірген. Осы думанды жиынның бейнекөрінісі әлеуметтік желіге тарап, қоғамда түрлі пікір тудырды. Тәртіп сақшылары жедел іздестіріп той иесін тапты. Ал аты жаман індетті әнге қосқан асаба ескертумен құтылды. Полицияның мәлімдеуінше, елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері облыста кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылған. 8 адам айыпұл төлепті. Тағы 5 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Хабар 24 телеарнасы