410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы кәсіпорындар карантиндегі қалаларды өз өнімдерімен қамтып отыр

  • 233
Жамбыл облысындағы кәсіпорындар карантиндегі қалаларды өз өнімдерімен қамтып отыр

Жамбыл облысындағы сауда орындары мен қоймаларда 60 мың тоннаға жуық азық-түлік бар, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл өңір халқын бір жарым ай бойына қамтамасыз етуге жеткілікті. Өңірде тамақ өндіретін кәсіпорындардың тізімі жасалып, мониторинг жүргізіліп жатыр. Қазір аймақта 40 ірі өндіріс орны жұмыс істейді. Олар жергілікті тауармен ішкі нарықты ғана емес, өзге өңірлерді де қамтамасыз етіп отыр. Мәселен, бір ғана құс фабрикасы жыл басынан бері 1100 тонна өнім өндірген. Қазір ай сайын Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына 40 тонна ет жөнелтеді. Ал Жуалыдағы сыр зауыты екі айда 3 мың тонна өнім өндіріп, оның 70 процентін Нұр-Сұлтан мен Алматы, Өскемен, Қарағанды қалаларына жіберген. Жалпы облыстың тамақ өнеркәсібі екі айда 4,9 миллиард теңгенің өнімін өндірген.

Мақсат Жақыпбаев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

– Төтенше жағдайға байланысты тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр. Облыста нан, сүт, ет өнімдерімен ішкі нарықты 100 процент қамтамасыз етіп отыр. Күріш, жарма өнімдері басқа өңірлерден келеді. Қоймадағы азық-түліктерге қарамастан кәсіпорындар өнімдерін өндіріп сауда орталықтарының жөнелтіп отыр. Азық-түлік тапшылығы байқалып отырған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы