411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстаннан қандай тауарлар сыртқа сатылмайды?

  • 203
  • UPD: 19:35, 28.03.2020
Қазақстаннан қандай тауарлар сыртқа сатылмайды?

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қандай тауарлар шетелге шығарылмайтындығы туралы айтты.

«Қазіргі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ заңды тұлғалар үшін электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн режимінде алуға арналған сервисті дайындауда.

Аталған сервис жақын арада дайын болады», - дейді Дәурен Абаев онлайн брифингте. Сондай-ақ, ол қандай тауарды сыртқа шығаруға тыйым салынғаны туралы айтты.

«Биыл 22 наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігі қарақұмық жармасы, бидай немесе қара бидай ұны, қант, картоп, сәбіз, қызылша, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы және күнбағыс тұқымдарын үшінші елдерге экспорттауға тыйым салды. Барлық тауар түрлері әлеуметтік маңызы бар тізімге енгізілген. Жалпы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 позиция кіреді. Қазіргі уақытта осы тізімге енгізілген барлық тауарлар жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген, ал алдағы алты айға дейін жетеді. Сонымен қатар отандық тауар өндірісі тоқтап қалған жоқ, сол себепті қорлар үнемі толықтырылып отырады», - дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы