411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы әскери бөлімдерде сақтық шаралары күшейтілді

  • 233
  • UPD: 21:52, 28.03.2020
Павлодардағы әскери бөлімдерде сақтық шаралары күшейтілді

Ертіс өңіріндегі Ұлттық ұланның әскери бөлімдері де коронавирусқа қарсы сақтық шараларын күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазір әр сарбаз дезинфекциялық құралдармен, сондай-ақ, медициналық бетперде, қолғаптармен толық қамтылған. Әскери бөлімнің аумағына кіреберісте әрқайсысының дене қызуы тексеріледі. Аумақтағы ғимараттар мен сарбаздардың бөлмелері күніне бірнеше рет зарарсыздандырылады. Техника да химиялық ерітіндімен өңделеді. Әскери бөлім басшылығы Отан алдындағы борышын өтеп жатқан жастардың ата-аналарына алаңдауға еш негіз жоқ дейді.

Олег Зайцев, ҚР Ұлттық ұланының 5512-әскери бөлімінің командирі:

– Елімізде жарияланған төтенше жағдай мен көктемгі әскерге шақыртудың тоқтағанына ата-аналар түсіністікпен қараса деймін. Алаңдауға негіз жоқ. Сарбаздар қажетті медициналық препараттармен қамтылған. Денсаулықтары жіті назарымызда. Сақтық шаралары күнделікті өткізіліп отырады.

Абылай Түймебай, қатардағы жауынгер:

– Күнделікті маска, киімдерді тазалап, жуып және қолдан келген барлық дәрі-дәрмектерді аямай, беріп жатыр. Қазіргі таңда бәріміздің басымыздан күрделі ахуал өтіп жатыр. Осы орайда әскери қызметшілерге зор жауапкершілік жүктеледі. Мұны естен шығармауымыз керек. Біз, мерзімдік әскери қызметшілер, қарулы күштер қатарына Тәуелсіз Қазақстанды қорғауға шақыртылдық.

Хабар 24 телеарнасы