412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде әлеуметтік мұқтаж топтар бетпердемен тегін қамтылады

  • 183
  • UPD: 07:55, 29.03.2020
Семейде әлеуметтік мұқтаж топтар бетпердемен тегін қамтылады

Семейдегі тігін фабрикасы бетперде жасап шығаруды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі апта бұрын мұнда төрт қабатты дәкеден жасалған бетперделердің өндірісі басталған еді. Кәсіпорын жетекшісі Айнұр Ахметованың айтуынша, бүгінге дейін 320 мың тауар облыс халқына таратылған. Жаңадан түскен мақта матадан бір миллион дана бетперде тігуге болады. Жақында олар белгіленген бағамен сатылымға түспекші. Облыс әкімдігі алдымен әлеуметтік мұқтаж топтарды тегін қамтуды көздеп отыр. Олар – соғыс және тыл ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен зейнеткерлер. Облыста бетперде тігу науқанына шағын цехтар және жекелеген кәсіпкерлер де атсалысып жатқанын айта кетейік.

Төлеубике Смаилова, тігінші:

– Менің жұмыс істеп келе жатқаныма 44 жыл болды. Күн-түн демей тігіп, таратып берейік деп жатырмыз. Қиындықты бірге жеңейік!

Хабар 24 телеарнасы