411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан азаматы оңтүстіккореялықтарды санитайзерлермен қамтамасыз етіп отыр

  • 194
  • UPD: 09:05, 29.03.2020

Кәсіпкер Галина Алимова өз косметикалық фабрикасында залалсыздандыратын ерітінді өндірісін жолға қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бұл өнімді екі ай бұрын Таңғы самал елінде коронавирус инфекцияның алғашқы оқиғасы тіркелген кезде шығаруға бел буған. Қазір Галина басқаратын зауытта күн сайын дезинфекциялық заттардың сегіз мыңдай данасы өндіріледі. Косметикалық өнімдер сатылымы төмендегенімен, санитайзерлер үлкен сұранысқа ие. Қазіргі уақытта ерітінділер зауытта шығарылатын барлық тауардың жетпіс пайызын құрап отыр. Галина Алимова Оңтүстік Кореяда жиырма жылдан бері тұрады. Осы жерде отбасын құрып, кәсібін домалатты. Және өз косметикалық компаниясына «Ана» деген қазақша атау берді. Енді кәсіпкер залалсыздандыратын ерітінділерді басқа елдерге де жеткізуді жоспарлап отыр.

Галина Әлімова, кәсіпкер:

– Италияны көріп отырмын. Мәселен, Францияда да жағдай қиын. Қазақстандағы жағдайды да бақылап отырмын. Бірінші өз елімнен тапсырыс келсе, жасаймын деген ойда жүрмін. Бірақ оны қалай жіберуге болатынын білмей отырмын.

Хабар 24 телеарнасы