413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мейірім» мен Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы карантинге жабылды

  • 760
  • UPD: 09:45, 29.03.2020
«Мейірім» мен Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы карантинге жабылды

Елордада тағы екі нысан карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар «Мейірім» медициналық мекемесі мен Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық. Байланыста болған тұлғалар оқшауланды, оның ішінде медицина қызметкерлері де бар. Нысандарда дезинфекция жүргізіліп жатыр. Емделушілерге баруға қатаң тыйым салынды. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық штаб барлық әуежолаушыны тексеру туралы шешім қабылдаған болатын. Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері 22 наурыздан бастап 20-дан астам рейсті қабылдады, бұл – шамамен 1750 адам. 1 жарым мың адам сараптама нәтижесін алды. Үш жолаушыдан COVID-19 анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, жолаушыларды тексеру нәтижесінде инфекцияны жұқтырған адамдардың қалаға шығуына жол берілмей, оларға уақытылы медициналық көмек көрсетілді.

Айта кетейік, бұған дейін қалада №2 көпсалалы облыстық аурухана және №1 автобус паркі карантинге жабылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы