413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында шектеу шаралары енгізілді

  • 248
  • UPD: 09:36, 29.03.2020
Маңғыстау облысында шектеу шаралары енгізілді

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында бірқатар шектеу шарасы енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен 30 наурыз кешкі сағат жетіден бастап халық пен қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылады. Тұрғындарға тек дүкенге, дәріханаға және жұмысқа баруға рұқсат етіледі. Көршілердің, туыстардың бір-біріне баруына тыйым салынады. Сондай-ақ азаматтардың қоғамдық орындарға, саябақтарға, балалар және спорт алаңдарына баруына болмайды. Әуе және теміржол, автовокзалдарға шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу қойылады.

Хабар 24 телеарнасы