411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәжікстаннан 23 қазақстандық эвакуацияланды

  • 214
  • UPD: 13:07, 29.03.2020
Тәжікстаннан 23 қазақстандық эвакуацияланды

Қазақстанның 23 азаматы Тәжікстаннан аман-есен елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мінген эвакуациялық ұшақ кеше Алматы әуежайына жеткен. Сондай-ақ С-295 әскери-көлік ұшағымен Шымкент қаласынан Тәжікстанға сол елдің 20 азаматы қайтарылды. Елге оралған қазақстандықтардың арасында коронавирусты жұқтырғандар жоқ. Десе де, олар ережеге сәйкес тиісті медициналық тексеруден өтіп, карантинге орналастырылады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның әскери-көлік авиациясының көмегімен Сауд Арабиясынан 33, Кувейттен 2, Қырғызстаннан 21 қазақстандық жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы