411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа шалдыққан бір науқастың өзі 30 адаммен араласып үлгеруі мүмкін

  • 163
  • UPD: 14:33, 29.03.2020
Коронавирусқа шалдыққан бір науқастың өзі 30 адаммен араласып үлгеруі мүмкін РИА Новости

Елордада тағы 16 адамнан вирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инфекция жұқтырғандардың 80 проценті ауру адаммен қарым-қатынаста болған. Яғни олар осыған дейін карантинде жатқан. Сөйтіп індеттің таралу қаупі күшейіп барады. Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, бір сырқаттың өзі 30 адаммен араласып үлгеруі мүмкін. Сондықтан дерт жұқтыру тәуекелі жоғары жандар оқшауланады. Қазір қалалық стационарда жатқан екі адам тұрақты ауыр жағдайда. Өкпені жасанды жолмен желдету құрылғысына қосылған. Қажетті ем-дом жасалып жатыр. Қалған науқастардың жағдайы қалыпты.

Сәуле Қисықова, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Бас санитарлық дәрігердің нұсқауымен елордада екі нысан және бір жатақхана карантинге жабылды. Халықаралық әуежайына ұшып келген 18 рейс бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Кеше 3 рейспен 274 жолаушы келді. Олардан қажетті сынама алынды. Нәтижесін күтіп отырмыз. Бүгін тағы 4 рейс ұшып келуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы