399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының 5 қаласы карантинге жабылады

  • 1394
  • UPD: 15:40, 29.03.2020

Ертең Қарағанды облысының 5 қаласы карантинге жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді. Бұл – Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск және Теміртау қалалары. Өңірде сақтық шаралары да барынша күшейтіледі. Балабақшалар жабылып, жұмыс берушілерге жұмыс уақытын 2 сағатқа қысқарту ұсынылып отыр. Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық жүруге болмайды. Мамандар 65-тен асқан жандардың бейсауат көшеге шықпауын ескертіп отыр. Аталған қалалардың кіре берісінде 13 блок-пост қойылады. Бұл бекеттерде дәрігерлерден бөлек 130-ға жуық полицей мен ұлттық ұланның сарбаздары қызмет етеді. Алдағы уақытта облыс орталығындағы әуежай, темір жол вокзалы мен сапаржайдың да жұмысын тоқтату мәселесі қаралмақ.

Хабар 24 телеарнасы