399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн курстар ұйымдастырылуда

  • 346
Түркістан облысында ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн курстар ұйымдастырылуда

Түркістан облысында ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үшін онлайн курстар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған кез келген мектеп оқушысы қатыса алады. Білікті ұстаздар дайындаған бейне сабақтар топтамасы ниет білдірген барлық шәкіртке тегін таратылады. Облыстық жастар орталығы жүзеге асырған жоба төтенше жағдай кезінде оқушылардың білімін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңір тұрғындары үшін де ағылшын тілі курстары ашылды. Қашықтан оқыту жүйесін басқаруды әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің өкілдеріне тапсыру жоспарлануда. Еліміздегі іргелі оқу орнымен келісім де жасалып қойыпты. Бүгінге дейін ағылшын тілі курсына 200 адам жазылған. Олардың дені – мектеп оқушылары мен колледж студенттері.

Амалбек Өміртай, облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Біздің Жастар орталығымен әлеуметтік желілер арқылы, онайн платформалар арқылы әртүрлі байқаулар, жастардың бос уақытын, мектеп оқушыларының демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында жұмыстар қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы