411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәурен Абаев: Карантин режимін сақтап отырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз

  • 199
  • UPD: 16:38, 29.03.2020
Дәурен Абаев: Карантин режимін сақтап отырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирусқа қатысты брифингте сауалдарға жауап берді.

«Төтенше жағдай шектеулеріне түсіністік танытып, карантин режимін сақтап отырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз», деді Абаев.

Бізге «коронавирус 1965 жылдан бері бар, адамдардың 70%-інде бұл вирусқа қарсы иммунитет бар екен», деген ақпарат келді.

«Алайда, COVID-19 – коронавирустың жаңа түрі, 40-тан астам вирустың классификациясы. Адамдарда COVID-19-ға қарсы иммунитет жоқ. Сондықтан барлық санитарлық нормаларды сақтап, үйде отырған жөн. Италияда не болып жатқанын көріп отырсыздар», деді министр.

Хабар 24 телеарнасы