411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында сақтық шаралары күшейтілді

  • 235
  • UPD: 19:23, 29.03.2020
Қарағанды облысында сақтық шаралары күшейтілді

Ертең Қарағанды облысының 5 қаласы карантинге жабылады.

Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді.

Бұл – Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск және Теміртау қалалары. Өңірде сақтық шаралары да барынша күшейтіледі. Балабақшалар жабылып, жұмыс берушілерге жұмыс уақытын 2 сағатқа қысқарту ұсынылып отыр. Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық жүруге болмайды. Мамандар 65-тен асқан жандардың бейсауат көшеге шықпауын ескертіп отыр. Аталған қалалардың кіреберісінде 13 блокпост қойылады. Бұл бекеттерде дәрігерлерден бөлек 130-ға жуық полицей мен Ұлттық ұланның сарбаздары қызмет етеді. Алдағы уақытта облыс орталығындағы әуежай, теміржол вокзалы мен сапаржайдың да жұмысын тоқтату мәселесі қаралмақ.

Қанат Асқаров, облыстық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

- Қарағанды териториясында 7 бірдей коронавирус жұқтырған жағдай тіркелгендіктен, біз карантин енгізу туралы шешім қабылдадық. Бұған қоса, серіктес қала тұрғындарының 25%-і тәулігіне бір мәрте Қарағандыға жұмысқа және басқа да шаруамен келетінін ескере отырмыз. Осы себепті біз Абай, Саран, Шахтинск және Теміртау қаласын және Қарағандыны карантинге жабу туралы шешім қабылдап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы