413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада пневмония, ЖРВИ диагнозы бар пациенттерге екі медициналық мекеме дайындалды

  • 134
  • UPD: 21:33, 29.03.2020
Елордада пневмония, ЖРВИ диагнозы бар пациенттерге екі медициналық мекеме дайындалды

Елордада пневмония және жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) диагнозы бар пациенттер 2 медициналық мекемеге ғана жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар – Орталық жол ауруханасы және №2 қалалық емхана.

Ә.Молдағұлова көшесінде орналасқан Орталық жол ауруханасының терапия корпусына пневмониясы бар пациенттер ғана жеткізілетін болады. Блокта оқшауланған қабылдау-диагностикалық бөлімше ұйымдастырылған. Пациенттер коронавирусқа да тексеріледі.

Ал ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана (Желтоқсан көшесі, 36) қабылдайды. Емханада емделушілерге коронавирус инфекциясына зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

Сондай-ақ, үш көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктарында барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған, жүкті әйелдерді қабылдау үшін жеке кіретін есігі бар перзентханалар ұйымдастырылды. Осы шаралардың барлығы уақытылы медициналық көмек көрсетуге және инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған.

 

Хабар 24 телеарнасы