420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордадағы түзету мекемесінде тәулігіне 1500 бетперде тігіліп жатыр

  • 463
  • UPD: 23:00, 29.03.2020
Қызылордадағы түзету мекемесінде тәулігіне 1500 бетперде тігіліп жатыр

Қызылордадағы түзету мекемесінің тігін цехында тәулігіне мың жарым бетперде тігіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда 30 адам 2 ауысымда жұмыс істейді. Соның арқасында өнім үздіксіз шығып жатыр. Арнайы сертификаты бар өндірістік нысан қылмыстық-атқару жүйесінің барлық қызметкерлерін бетпердемен қамтамасыз еткен. Енді полиция департаментінің тапсырысын орындауға кірісті. Одан әрі күзет басқармасы мен төтенше жағдай департаменті және Ұлттық ұланға қарасты әскери бөлім кезекте тұр. Түзету мекемесінде жеке кәсіпкер ашқан тағы бір тігін цехы бар. Олардың өнімі өңірдегі өндірістік кәсіпорындарға жөнелтіледі.

Ақерке Әбжәлиева, ҚАЖД сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы:

- Бекітілген калькуляцияға сәйкес көп реттік бетперде бағасы 150 теңге болып белгіленген. Сотталған азаматтарға тіккен, шығарған өніміне сәйкес бір бетпердеге 17 теңге айлық жалақы төленеді. Тігін цехында, жалпы мекемеде медициналық, санитарлық нормалар толықтай сақталған. Жалпы мекемедегі 600-ге жуық сотталғанның 400-і жұмыспен қамтылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы