411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда COVID-2019 індетінен тағы екі адам жазылды

  • 182
  • UPD: 23:52, 29.03.2020
Алматыда COVID-2019 індетінен тағы екі адам жазылды inform.kz

Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқастардың бірі - әйел адам «Франкфурт –Нұр-Сұлтан – Алматы» бағыты бойынша ұшып келген. Ал екіншісі – «Мәскеу – Алматы» рейсімен келген ер адам. Екеуі де тиісті ем-дом шараларын алды. Олар енді медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады.

Осымен Алматыда коронавирустан барлығы 7 адам жазылып шықты.

Қазір қалалық жұқпалы аурулар стационарларында барлығы 60 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Жаңадан анықталған 9 науқастың алтауы инфекция жұқтырғандармен байланыста болғаны анықталды. Бір әйел адам 19 наурызда «Минск – Алматы» рейсімен, бір пациент «Дублин – Ыстамбұл – Алматы» бағытымен және бір адам «Ыстанбұл – Алматы» рейсімен ұшып келген.

«56 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 1 әйелдің жағдайы ауыр, 4-еуінің жағдайы орташа және 1 баланың денсаулығы жақсарып келеді.

Жалпы алғанда бүгінгі күні провизорлық орталықтарда 1032 адам бар. Оның 122-сі – бала, 159 адам карантиндік оқшаулауда, 1514-і - үй карантинінде», - делінген ақпаратта.

 

Хабар 24 телеарнасы