411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талаптары күшейді

  • 462
  • UPD: 08:18, 30.03.2020
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талаптары күшейді

Яғни, 30 наурыз және 5 сәуір аралығында медицина, құқық қорғау және қала өмірін қамтамасыз ететін коммуналдық шаруашылық қызметінен бөлек барлық мекеме жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында қоғамдық көліктер де жүрмейді. Тұрғындарға тек  қажет болған жағдайда ғана үйден шығуға рұқсат. Азаматтар дүкенге, дәріхана, емханаларға және арнайы рұқсат қағазымен жұмысқа қатынай алады. Саябақтар, скверлер, жағалаулар, көшедегі балалар ойнайтын алаңдар, тағы басқа қоғамдық орындардың барлығы жабық. Тұрғындар аса мұқтаждық болмаса көшеге шықпауы тиіс. Бұл әрбір адам сақтауға міндетті төтенше жағдайдың тәртібі.

Хабар 24 телеарнасы