419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі құс фабрикасы ел нарығының 20%-ын өз өнімімен қамтып отыр

  • 492
  • UPD: 08:27, 30.03.2020
Өскемендегі құс фабрикасы ел нарығының 20%-ын өз өнімімен қамтып отыр

Өскемендік құс фабрикасы өз жұмысын үздіксіз жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде кәсіпорын ел нарығының 20 процентін қамтып отыр. Оның қор қоймасында мың тоннаға жуық ет сақталуда. Фабрика басшылығы ет өнімдерінің барлық түрінде де баға қымбаттамайды деп отыр. Қазірде өндіріс орнында толықтай  қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қосымша санитарлық посттар қойылған. Ал ет тасымалы үздіксіз жүргізіледі.

Ришат Раисов, құс фабрикасының бас директоры:

– Фабрикамыз қазір 29 мың тонна ет шығарады. Кәсіпорын осыған дейінгі баға көрсеткішін өзгертпеу туралы шешім қабылдады. Біз еліміздің көп өңіріне өз өнімдерімізді тасымалдаймыз және бұл жұмыс одан әрі де жалғаса бермек.

Хабар 24 телеарнасы