417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да түлектер ауылдағы аспалы көпірді жөндеп бермек

  • 509
  • UPD: 09:02, 30.03.2020
БҚО-да түлектер ауылдағы аспалы көпірді жөндеп бермек

Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауылының азаматтары атамекенге құрметін нақты іспен дәлелдеп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі жылдары  мұнда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша жалпы сомасы  73 миллион теңгенің 13 жобасы жүзеге асқан. Биыл да мектеп бітіргендеріне 30 жыл болған түлектер аспалы көпірді өз қаржыларына жөндеп бермек. Қараөзеннің үстінен жаяуларға арналған өткел 1971 жылы салыныпты. Содан бері жөндеу көрмеген. Қазір шіріген тақтайлары мен тот басқан бел темірлері ауыстырылған. Алда жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары атқарылмақ. Құрылысқа 6 миллион теңге жұмсалмақ. 5 мыңдай тұрғыны бар алақандай ауылдағы тындырымды тірлік өзгеге өнеге боларлықтай.

Рауан Есенғалиев, Жалпақтал ауылының тұрғыны:

– Осы елге қол ұшымызды берейік. Осы елге бір ізіміз қалсын, бір құрдастар атынан деген сондай бағытпен осы жұмысымызды бастадық. Жалпы, үлкен ағаларымыз бар, артымызда інілеріміз бар. Қай-қайсысының да жүрегі, рухани елге деген махаббаты, құдайға шүкір, бәрі де еліміз үшін деп жаны шығып тұрған. Ауылдың үлкен тәрбиесі сондай. Ауылымыз ыстық.

Хабар 24 телеарнасы