432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 15 арендалық үй салынып жатыр

  • 425
  • UPD: 08:31, 30.03.2020
Алматы облысында 15 арендалық үй салынып жатыр

Алматы облысының қайта құрылған Кеген ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімшілік аймақта «Нұрлы жер» бағдарламасымен 15 арендалық үй салынып жатыр. Оған қазынадан 400 млн теңгеден аса қаржы бөлінген. Мердігер мекеме өкілдері өткен жылдың екінші жартысынан бастап іске кіріскен еді. Содан бері нысанның қабырғасын қалап, шатырын жапқан. Қазір қора-қопсысын салып, ауланы абаттандыруда. Инфрақұрылымдық желілерін де тарта бастады. Ауданда 400-ден аса адам баспана кезегінде тұр. Соңғы оншақты жылда Кеген ауылында бірде бір үй жаңадан салынбапты. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін сала мамандары тағы бірнеше баспананың тиісті құжаттарын рәсімдеп, облысқа өтінім жібермек.

Дархан Маусымбаев, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

– 36 тұрғын үйдің ЖСҚ жасалып жатыр. Қазіргі таңда экспертизаға кірдік. Экспертизадан шыққан соң облысқа бюджеттік өтінім жолдаймыз. Сонымен қатар осы жылдың соңында 20 үйдің инженерлік коммуникациялық желілерін тарту мен ЖСҚ жасауға бөлінді облыстан. Қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде.

Хабар 24 телеарнасы