422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 200 жас маман цифрлық сауат ашу курсына қабылданады

  • 384
  • UPD: 08:32, 30.03.2020
Алматы облысында 200 жас маман цифрлық сауат ашу курсына қабылданады

Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы мен Талдықорған қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімі өңірдегі жастар үшін цифрлық сауат ашу курстарын ұйымдастыруды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бастапқыда әр аудан мен шағын қалалардан іріктелетін 200 жас маманды оқытуды көздеп отыр. Жастар кейін бар білгенін өздері тұратын елді мекендегі жергілікті тұрғындарға үйретеді. Мәселен, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазір барлығы 634 қызмет түрі ұсынылса, соның 534-і электронды цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асады.  25-сі «Теlegram bots», ал қалған 68-і «Egov mobil» қосымшасы арқылы көрсетіледі екен. «Талдықорғанда өткен жылдан бері осы жаңа қосымшаға 6100 адам тіркелсе, соның 60 пайызы аталған мобильдік қосымша арқылы қалай қызмет алу керектігін өте жақсы меңгеріп алды. Ал ондағы электронды құжат жеке куәліктің орнына жүре береді», – дейді мамандар.

Мақсат Смағұлов, қалалық ХҚКО супервайзері:

 – Жастармен тығыз жұмыс істеп жатырмыз осы электронды үкімет бойынша. Неге біз жастарды таңдадық? Өйткені жастар өздеріңізге белгілі тез қабылдап алып, оны білмей жатқан адамдардың бәріне толық жеткізе алады деген сенімдеміз. Барлық мемлекеттік қызмет түрлері болашақта электронды түрде болады.

Хабар 24 телеарнасы