411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында шектеу шаралары енгізілді

  • 171
  • UPD: 11:34, 30.03.2020
Маңғыстау облысында шектеу шаралары енгізілді

Маңғыстау облысында бүгіннен бастап шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қауіпті індеттің алдын алу үшін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тиісті қаулы қабылдады.  Соған сәйкес азаматтардың саябақ пен алаңдарға баруына тыйым салынады. Сондай-ақ әуе, теміржол вокзалы мен сапаржайға шығарып салушылар мен күтіп алушылар кіре алмайды. Бүгіннен бастап Ақтаудан аймақтың 5 ауданына қатынайтын қалааралық автобустар жүрмейді. Маңғыстау-Бейнеу бағытындағы пойыздың да қозғалысына шектеу енгізілді. Бұдан басқа облыстағы барлық  интернет және ойын клубтары, өзге де халыққа қызмет көрсететін орындардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы