412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы өмірден озды

  • 257
  • UPD: 12:09, 30.03.2020
«Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы өмірден озды

«Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, ақын Аманхан Әлімұлы Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Республикалық басылымдарда қызмет істеген. «Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы. 2019 жылы Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атанған.

Хабар 24 телеарнасы