422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданың медицина қызметкерлеріне қонақ үйлер бөлінді

  • 378
  • UPD: 12:27, 30.03.2020
Елорданың медицина қызметкерлеріне қонақ үйлер бөлінді ktk.kz

Нұр-Сұлтан қаласының стационарларында коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен және олармен тікелей байланыста болғандармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жағдай жасау үшін қонақ үйлер мен көліктер бөлінді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәкен Бахтияр ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Қалалық штаб ыстық тамақпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ CTS компаниясынан 50-ден астам көлік берілді. Қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін де арнайы көлік ұйымдастырылған. Бұл қызметтердің барлығы – тегін», - деді ол.

Мемлекет басшысының бастамасымен бүгіннен бастап барлық медицина мекемелерінің жұмыскерлеріне тиісті сыйақы берілетінін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы