411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында індетке байланысты сақтық шаралары күшейтілді

  • 189
  • UPD: 13:52, 30.03.2020

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған тағы бір азамат тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Ақтаудан ұшып келген. Санитар мамандар әуежайдың қону алаңынан бірден емдеу орнына жеткізіпті. Осыған орай, өңірде сақтық шаралары күшейтілуде. Бүгін түннен бастап облыста көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Мансұр Есқожин, тілші:

– Бүгінде Ақтөбеде қатерлі дерт екі азаматтан анықталды. Екеуі де шетелден оралған. Біріншісі, Испаниядан келген болса, кеше ауруханаға жатқызылған жан Ақтау арқылы Түркиядан  жетіпті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе әуежайына қонатын барлық ұшақты санитар мамандар қарсы алып, жолаушылардан міндетті түрде сынама алуға кіріскен. Бұл шара тиімділігін дәлелдеуде. Кесел жұқтырған адамды анықтап, қасындағыларды бірден оқшаулауға мүмкіндік беруде.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

– Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты. Бірақ инфекциялық стационарға жатқызу бойынша сұрақтар шешіліп жатыр. Қасында болған 17 жолаушы да оқшауланып, карантиндік отралықта жатыр. Олардан анализ алынды. Кейбір жолаушылардың анализі теріс болып шығып жатыр. Кейбірі әлі жұмыста.

Мансұр Есқожин, тілші:

–Қазір облыста қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Әрбір елді мекенге блок посттар орнатылып, кіріп-шығуға шектеулер қойылады. Тек транзиттік жүк тасымалдары, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасушылар санитарлық тексеруден кейін еркін қозғалатын болады. Сондай ақ өңірдегі барлық балабақша уақытша жабылды. Сауда орындарынан тек азық-түлік дүкендері ғана жұмысын жалғастырады. Арнайы штаб өкілдері тұрғындарға себепсіз баспанадан шықпауға кеңес беруде.

Қанат Әлиев, облыстық ПД бастығының орынбасары:

– Бүгінгі таңда облыс аумағында 40 блок бекеті қойылды. 31 наурыз 00:00 уақытынан бастап, жұмысын істеу басталады. Азаматтардың шоғырлануын жібермеу, жеке, сонымен бірге заңды тұлғалардың карантин тәртібін сақтауды бақылау мақсатында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласы мен облыстық елді мекендерінде патруль жүргізу күшейтіледі.

Мансұр Есқожин, тілші:

– Бұл қатерлі дерттің одан әрі өршімеуі үшін жасалып отырған шаралар. Қазір өңірде 2 дертті жаннан бөлек 143 азамат емханаға карантинге жатқызылған. Оның 120-ы Ақтөбеде болса, 23 азамат облыс аудандарында. Және 391 тұрғын үй карантинінде. Дәрігерлер 238 адамға күнделікті хабарласып, хал-жағдайын біліп отырады.

Хабар 24 телеарнасы