417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустан көз жұмған әйелмен құдалықта бірге болған алматылық індет жұқтырған

  • 363
  • UPD: 16:45, 30.03.2020
Коронавирустан көз жұмған әйелмен құдалықта бірге болған алматылық індет жұқтырған

Алматыда құдалықта болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

Оның айтуынша, Ақмола облысының арнайы қызмет өкілдері коронавирустан қаза болған әйелдің Алматыда құдалықта болғанын хабарлаған. «Алматыда ол әйелмен 6 адам жақын араласқаны анықталды.

Олардың барлығы қазір оқшауланды. Олар құдалықта бірге болған. 6 адамның ішінде біреуі коронавирус жұқтырған. Ол әйел қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды», - деді Тілеухан Әбілдаев. Басқарма басшысы карантин кезінде ұлттық дәстүрлерімізді тоқтата тұру керектігін айтты.

«Ұлттық дәстүрлеріміз – құдалық, беташар сияқты балалардың қуанышына жасалатын жоралғыларды тоқтату керек. Көп адам бас қосатын, тамақтанатын дәстүрлер қазір қажет емес. Көп нәрсе тәртіпке байланысты», - деді Т.Әбілдаев.

Хабар 24 телеарнасы