420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы көтерме сауда базарына бетпердесіз кіргізбейді

  • 407
  • UPD: 17:07, 30.03.2020
Алматыдағы көтерме сауда базарына бетпердесіз кіргізбейді РИА Новости

Алматыдағы көтерме бағамен азық-түлік сататын ірі базарға медициналық бетпердесіз кіргізбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрынғыдай базар сыртында және көше бойында зат сататын адамдар да көрінбейді. Өйткені санитарлық талап барлығына ортақ. Медициналық бетперде бірінші кезекте азаматтардың өз қауіпсіздігі үшін қажет. Сондықтан қала тұрғындары мұндай шектеуге түсіністікпен қарауда. Сатушылар да қолғап пен бетперде киіп алған. Қалада карантин талаптары күшейтілген соң базардағы адам саны да әдеттегіден аз.  

БЛИЦ:

– Маскасыз кіргізбейді. Тексеріп кіргізіп жатыр. Ақ киім киіп алған ғой.

– Базарға келдік. Баға тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы