405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық волонтерлер мен «Қазпошта» қызметкерлері мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізді

  • 246
Алматылық волонтерлер мен «Қазпошта» қызметкерлері мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізді

Алматыда волонтерлер мен «Қазпоштаның» қызметкерлері мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізіп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көмекті әкімдік пен жергілікті кәсіпкерлер ұйымдастырып отыр. Тегін азық-түлік негізінен тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты зейнеткерлерге және мүгедек жандарға арналған. Қала бойынша мұндай 18 мың адам бар. Бірақ қазір Call-орталығына түскен хабарламалар негізінде қосымша тізім жасалып жатыр. Себебі қала тұрғындары карантин кезінде қиын жағдайда қалған көршілері мен туған-туыстарына да көмек сұрап хабарласуда. Ал тегін берілетін азық-түлік себеті барлығына бірдей. Оның салмағы – 22 келі. Онда әлеуметтік маңызы бар тауарлар – сүт, май, ұн, дәнді-дақылдар мен көкөністер бар.

Рахилям Махпирова, қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бөлім басшысы:

– Соңғы екі күнде бізге тауар тасымалымен айналысатын бірнеше бизнес-құрылымның өкілдері хабарласып, өз көмектерін ұсынды. Міне, қазірдің өзінде шамамен 20 көлік біздің азық-түліктерді тегін тасымалдауға дайын. Мұның өзі үлкен көмек.

Хабар 24 телеарнасы