411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырғандарды емдейтін дәрігерлерге бір миллионға дейін төленеді

  • 268
  • UPD: 17:56, 30.03.2020
Коронавирус жұқтырғандарды емдейтін дәрігерлерге бір миллионға дейін төленеді

Қазақстанда коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлердің жалақыларына үстемеақы қосылады.

Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифингте мәлімдеді.

Медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3-топқа бөлінген.

«Бірінші топ – бұл реанимация бөлімдерімен қоса алғанда жұқпалы аурулар станционарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы – 3 284 маман. Олардың жалақысына үстемеақы айына 850 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына шамамен 1 млн теңгенің үстінде алады. Екінші топ – провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметтерінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы – 11 951 маман. Олардың үстемақысы айына 425 мың теңгені құрайды. Орташа айлығын қосқанда олар айына шамамен 600 мың теңге алады», - деді министр.

Ал үшінші топқа карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер,жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқалары жатады. Олардың барлығы – 10 994 қызметкер. Олар айына 212 мың теңге үстемеақы алады. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар шамамен 380 мың теңге алады.

Сонымен қатар медициналық қызметкер коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайды.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына орай бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, арнайы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы