426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелде жүрген 7 мыңнан астам Қазақстан азаматы елге жеткізілді

  • 467
  • UPD: 18:43, 30.03.2020
Шетелде жүрген 7 мыңнан астам Қазақстан азаматы елге жеткізілді

Коронавирус инфекциясымен күрес кезеңінде Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматы елге жеткізілді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифинг барысында тағы 700-ден астам адам оралатынын мәлімдеді.

«Мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығы осындай қиын кезде көрінеді. Президенттің тапсырмасымен 18 наурыздан бастап шетелдегі 7702 Қазақстан азаматын мемлекет өз күшімен елге әкелді. Мемлекет тағы 752 азаматты елге жеткізеді. Бұл – Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы мәселе», – деді министр.

Хабар 24 телеарнасы