418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19 аяғы ауыр әйелден баласына жұғуы мүмкін бе?

  • 331
  • UPD: 20:22, 30.03.2020
COVID-19 аяғы ауыр әйелден баласына жұғуы мүмкін бе? blogspot.com

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен онлайн брифингте «CОVID-19 аяғы ауыр әйелден баласына беріле ме?» деген сұраққа жауап берді.

«Құдайға шүкір, қазіргі уақытта мұндай жағдай тіркелген жоқ. Болмай-ақ та қойсын. Дегенмен, біз барлық ақпараттан қалыс қалмай, халықаралық талапқа сай сақтық шараларын қарастырып жатырмыз. Әрине коронавирус індеті өкінішке орай, кішкентай балаларды да айналып өткен жоқ. Вирус жұқтырған балалар бар. Жалпы вирус жұқтырған кез келген жастағы науқастарға көмек көрсетуге дайынбыз», – деді министр.

Хабар 24 телеарнасы