411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар бақылауға алынды

  • 200
БҚО-да коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар бақылауға алынды

Батыс Қазақстанда 92 тұрғын провизорлық стационарларда ем алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

600-ден аса адам өз үйінде оқшауланған. Олардың қатарында індет жұқтырған екі әйелдің көршілері де бар. Сосын науқастардың бірінің егде жастағы ата-анасы провизорлық госпитальға жатқызылған. Айта кету керек, коронавирус жұқтырған әйелдердің бірі Ресейден, екіншісі Атыраудан келген. Қазір олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Провизорлық стационардан тиісті емдерін алуда. Медициналық бақылау жүргізілуде. Бүгінгі таңда халдері қалыпты. Енді осы науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы да эпидемиологиялық тексеріс барысында анықталып, тікелей қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы да провизорлық стационарға жатқызылған болатын. Тиісті медициналық бақылау жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы