411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ: Қазақстанда коронавирусты 3 жарым мыңнан астам адам жұқтыруы мүмкін

  • 419
  • UPD: 23:39, 30.03.2020

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай дейді.

Өкінішке қарай қазірдің өзінде елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 300-ден асты. 8 науқастың жағдайы ауыр. Оның төртеуі жасанды демалу аппаратына қосылған. Отызының жағдайы орташа. 21 адам жазылып шықты. Министр ауруды жұқтыру көрсеткіші орта есеппен алғанда күніне 30 процентке өсіп келеді дейді. Оны тоқтатудың бір ғана жолы бар. Адамдар өзін-өзі оқшаулап, үйден шықпауы тиіс. Сонымен қатар Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын тексеретін тест жеткілікті деп сендірді.

Хабар 24 телеарнасы