414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қосымша шектеу шаралары 1 сәуірден басталады

  • 135
  • UPD: 23:49, 30.03.2020
Петропавлда қосымша шектеу шаралары 1 сәуірден басталады

Қаладан шығатын республикалық, облыстық маңызы бар жолдарда барлығы тоғыз блок-бекет орнатылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығында ішкі істер органдарының 450-ге жуық қызметкері күн сайын кезекшілікке шығады. Балабақшалар жабылып, қоғамдық көліктерде қозғалысы шектеледі. Тек ірі кәсіпорындар ғана санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысын жалғастыра береді. 

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

– Қалаға кіруі-шығу шектеледі. Тек ғана арнайы құжат арқылы ғана қалаға кіруге болады. Және де қаланың көшелерінде жүру мәселелері біраз шектелетін болады. Дезинфекция шараларын күнде жүргізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы