418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгіннен бастап тағы бірнеше облысқа карантин және шектеу шаралары енгізіледі

  • 760
  • UPD: 13:21, 31.03.2020
Бүгіннен бастап тағы бірнеше облысқа карантин және шектеу шаралары енгізіледі

Бүгіннен бастап карантин енгізілген аймақтар саны артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, бұл тізімге Ақтөбе мен Ақмола облысы қосылады. Қызылорда қаласы да карантинге жабылды. Қостанай мен Жамбыл облысында шектеу шаралары енгізілуде. Аталмыш аймақтардың кейбірінде түнгі сағат 00:00-ден бастап бұл талап күшіне енді. Мұндай шешім ондағы тұрақты жағдайды сақтау және коронавирустың таралауына жол бермеу мақсатында қабылданған.

Ескеріңіз, енді кей қалалар бойынша тек азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктер қозғалысына ғана рұқсат.

Хабар 24 телеарнасы