411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызын ұзатқан қызылордалық жауапқа тартылды

  • 205
  • UPD: 09:50, 31.03.2020
Қызын ұзатқан қызылордалық жауапқа тартылды

Қызылорда облысында төтенше жағдайға қарамастан қызының ұзату тойын жасаған қызылордалық жауапқа тартылды,  деп хабарлады Polisia.kz.

27 наурыз күні төтенше жағдай кезінде ескертулерге құлақ аспай той өтіп жатқаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында кеңінен тарады. Полиция қызметкерлері бұл деректі тексеру нәтижесінде 27 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасағаны анықталды.

Той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Онлайн-режимде өткен сот шешімімен оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Шектеу енгізілгелі облыс аумағында төтенше жағдай режимін бұзып, осындай той жасаған 13 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Хабар 24 телеарнасы