1 сәуір сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласына барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі тоқтатылады.
Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың қаулысында айтылған.
«2020 жылғы 1 сәуір сағат 00:00-ден бастап барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы мен Алматы халықаралық әуежайына ұшып келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылсын», - делінген қаулыда.
Халықаралық жолаушы әуе рейстері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның басқа қалаларына бағытталады. Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін енгізіледі.
Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты