413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында шектеу шаралары енгізілді

  • 205
Жамбыл облысында шектеу шаралары енгізілді

Қауіпті індеттің өршімеуі үшін Жамбыл облысында шектеулер қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараз қаласы мен өңірге барлық автокөліктер мен адамдарға кіріп-шығуға тыйым салынды. Тек транзиттік көліктер мен азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауар тасымалдаушыларға рұқсат бар. Сондай-ақ облыста сауда үйлері мен саябақтар, моншалар, сән салондары мен киім базарлары жабылған. Қоғамдық тамақтану орындары да жұмысын тоқтатқан. Дегенмен, тамақты үйге жеткізіп беретін болса, қызметін жалғастыра алады. Азық-түлік сататын базарлар, дүкендер мен дәріханалар жұмысын жалғастырады. Мамандар аса қажет болмаса сыртқа шықпауға кеңес береді.

Ғазиз Надуев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен жүруге шектеу салынады. 65-тен жасы үлкен азаматтарға өз-өзін оқшаулау режимі ұсынылады. Бұл ауру ауамен тарайтын болғаннан кейін осындай шешім қабылдап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы