405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде азық-түлік өндіретін кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатқан жоқ

  • 241
  • UPD: 11:44, 31.03.2020
Елімізде азық-түлік өндіретін кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатқан жоқ

Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілсе де, азық-түлік өндіретін кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатқан жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Петропавлдағы тез дайындалатын тағамдар компаниясы бүгінгі күні қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Тек алдын алу шаралары үшін мұнда карантин жарияланған. Яғни, санитарлық талаптарға сәйкес күн сайын барлық қызметкерлердің дене қызуы өлшеніп, мамандар арнайы қорғаныс костюмін киеді. Кешенде құрғақ таңғы ас, жүгері таяқшалары, кеспе сынды өнімдердің 100-ге жуық түрі дайындалады. Яғни, тәулігіне тек бір тауардың 8 тоннасы әзірленеді. 300-ге жуық адам екі ауысымда еңбек етіп жатыр. Дайын өнім Қазақстаннан бөлек, Ресей еліне де экспортталады.

Дмитрий Шарапаев, кәсіпорынның бас директоры:

- Азық-түлік тасымалы бойынша еш проблема жоқ. Күніне бір жүк көлігі Нұр-Сұлтан қаласына жүреді. Қазір кейбір өнімдерді жасауға қажетті шикізаттың 2-3 аптадан астам уақытқа жететін қоры қалды. Сондықтан осы бағытта Үкімет тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп қолға алынып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы