411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда 369 адам карантин режимін бұзған

  • 220
  • UPD: 13:04, 31.03.2020
Нұр-Сұлтанда 369 адам карантин режимін бұзған

Өткен тәулікте елордада карантин режимін бұзған жүргізушілер анықталып, 30-дан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Бұл туралы онлайн брифингте қалалық полиция департаменті хабарлады. Жалпы шаһарда карантин енгізілгеннен бері 369 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 86-сы қамауға алынып, қалғандарына айыппұл салынды. Төтенше жағдай кезінде кәсіпорындарға санитарлық талаптар күшейтілді. Дегенмен, тексеріс барысында карантин режимін бұзған 116 кәсіпкер анықталған. Олардың басым бөлігіне айыппұл салынды. Еске салсақ, елордада 30 наурыздан бастап карантин режимі күшейтілді. Патрульдік полиция жасақтары күні-түні жұмыс істеп жатыр. Олар қалада тәулік бойы бақылау жүргізуде.

Ержан Саденов, Нұр-Сұлтан қ. полиция департаментінің бастығы:

- Қалада 26 мобильді бекет қойылды. Олар автокөлік қозғалысы бойынша жұмыс істеп жатыр. Тек кешегі күні 1500 жуық жүргізуші, 200-ден астам жаяу жүргіншіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 30-дан астам автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Үш күн ішінде, яғни 28-30 наурыз аралығында полицияға 307 адам жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік жаза қабылданды. 2 мыңнан астам профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы