426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ға жасанды тыныс алу қондырғылары сатып алынады

  • 418
  • UPD: 14:31, 31.03.2020
СҚО-ға жасанды тыныс алу қондырғылары сатып алынады

Қауіпті індеттің жылдам таралуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысына қосымша тағы 5 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынады.

Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының мамандары хабарлап отыр. Олардың әрқайсысының құны шамамен 30 миллион теңге тұрады. Қажетті қаржы жергілікті бюджеттен бөлінген. Бүгінгі күні қалалық көпбейінді аурухананың инфекция бөлімшесінде осындай 5 арнайы құрылғы қойылып, 65 төсек-орын дайындалды. Бұл жерге коронавирус жұқтырған науқастар жатқызылады.

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– 150 миллион теңгедей қаржы қарастырылып отыр. Қазір тапсырыс беру жұмыстары аяқталды. Енді конкурс жариялау үшін тиісті құжаттар әзірленеді. Жалпы бүгінгі күні облыстағы медициналық мекемелерде 76 осындай құрылғы бар.

Хабар 24 телеарнасы