413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада күніне 2 мың маска тегін таратылады

  • 138
  • UPD: 14:32, 31.03.2020
Қызылордада күніне 2 мың маска тегін таратылады

Қызылордадағы тігін фабрикасы Мемлекет басшысының бастамасына қолдау білдіру мақсатында күніне 2 мыңдай бетпердені қала тұрғындарына тегін тарата бастады.

Игі шараға волонтерлер үлес қосуда. Олар аялдамалар мен қоғамдық көліктерде бір рет пайдалануға арналған медициналық масканы жұртшылыққа үлестіріп жүр. Айта кетейік, бұған дейін ерлер жейдесін тіккен кәсіпорын бүгінде күніне 20 мың дана бетперде шығаруда. Оның 10 мыңы дәріханаларға, қалғаны түрлі мекемелер мен жеке тұлғаларға беріліп отыр. Бұл жұмысқа 100 адам жұмылдырылған. Осылайша өз кәсібін уақыт сұранысына сай бейімдеген серіктестік өңірдегі медициналық бетперде тапшылығын жоюға білек түре кірісті. Және өзге де кәсіпкерлерді айтулы акцияны қолдауға шақырды. 

Аида Қажымқан, тігін фабрикасының басқарушысы:

- Қалада болып жатқан «Біз біргеміз» акциясының аясында біз мейірімділік аптасы атты эстафета бастағанбыз. Күніне 1000-2000 масканы автобустарда тегін таратудамыз. Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасы тегін таратайық деген. Соны қолдайық деп шешімге келдік.

Хабар 24 телеарнасы