423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында медициналық масканы заңсыз сату фактісі анықталды

  • 355
  • UPD: 14:33, 31.03.2020
Түркістан облысында медициналық масканы заңсыз сату фактісі анықталды

Қаржы мониторингі комитетінің облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде 1990 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолға түскен әйел қала аумағында Өзбекстан Республикасында өндірілген бетперделердің 1 данасын 150 теңгеден сатқан. Мемлекеттік кірістер департаментіне кәсіпкер ретінде тіркелмеген және ешқандай құжаты жоқ күдіктіден жалпы көлемі 1 миллион 250 мың теңге болатын 8350 дана медициналық маска тәркіленді. Елдегі төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекетке барған азаматша Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 463-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда тәркіленген медициналық бетперделерді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына өткізу мәселесі қарастырылуда.

Хабар 24 телеарнасы